24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Көкшетауда 630 орындық көп бейінді аурухананың құрылысы жүріп жатыр.
Емдеу мекемесі заманауи диагностикалық аппаратармен жабдықталады. Нысан жеке инвестиция есебінен салынуда. Аурухана келесі жылы пайдалануға беріледі. Өңірге жұмыс сапарымен келген Мәжіліс және Сенат депутаттары медициналық мекеменің құрылысын көрді. Олар жергілікті дәрігерлермен кездесіп, қызмет сапасын арттыру мәселесін бірлесе талқылады. Сондай-ақ Красный Яр ауылындағы амбулаторияға ат басын бұрды.
Айна Мысырәлімова, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты:
- Мен өз жұмыс кестеме бірінші кезекте әлеуметтік нысандарды еңгізуді сұрадым. Оның ішінде медициналық, спорттық кешендер бар. Тек облыс орталығында ғана емес, аудан, ауылдардағы нысандарды аралап, жұмысымен танысамын. Көтерілген сұрақтарды назарға алып, шешу жолдарын қарастыратын боламыз.