Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Көкшетауда тұрғын үй құрылысы кезінде 200 миллион теңгеден астам қаражат жымқыру дерегі тергеліп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Көкшетауда тұрғын үй құрылысы кезінде 200 миллион теңгеден астам қаражат жымқыру дерегі тергеліп жатыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz Қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Қаржылық мониторинг агенттігінің мәліметінше, 2021 жылғы желтоқсанда "Көкшетау қаласының құрылыс бөлімі" ММ мен "Айдана-ИК" ЖШС арасында халықтың әлеуметтік осал топтарына арналған Көкшетау қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің құрылысына 1 миллиард теңгеден астам сомаға келісімшарт жасалған.
"Мердігер аванстық төлемдерді алу үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың жалған шарттарын ұсынған. Кейіннен тапсырыс беруші ЖШС-ға 211 миллион теңге көлемінде қаражат аударған, алайда құрылыс жұмыстары толық көлемде орындалмаған", - деп хабарлады ҚМА.
Нәтижесінде нысандар пайдалануға берілмеген. Алынған бюджет қаражаты жеке қажеттіліктерге, контрагенттермен есеп айырысуға жұмсалып, сондай-ақ қолма-қол ақшаға айналдырылған.
ҚМА ақпаратынша, күдікті қамауға алынған. Тергеу амалдары жалғасып жатыр. Өзге ақпарат ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етуге жатпайды.