Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..
АСТАНА, 3 наурыз – Sputnik. Көкшетауда әйел екі баласымен көміртек тотығына уланып қалды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жеке тұрғын үйде 33 жастағы әйел және екі кәмелетке толмаған бала көміртек тотығынан уланып қалды.
"Болжам бойынша, улануға пештегі ақау себеп болған. Әйел түнге қарай пештің жапқышын жауып қойған, соның салдарынан үй ішінде көміртек тотығы жиналған", - дейді Ақмола облыстық төтенше жағдайлар департаментінде.
Үшеуі де облыстық көпбейінді ауруханаға жеткізілді. Тексеруден кейін балалар үйлеріне жіберілді, әйел ауруханаға жатқызылды.
"Науқастың жағдайы тұрақты, тыныс алуы жақсы, динамикасы жақсарған. Ақмола көпбейінді облыстық ауруханасының неврология бөлімшесінде дәрігерлердің бақылауында", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасында.