Көкшетауда автокөлікті иесімен бірге айдап кетті

29.07.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Көкшетауда ер адам көлікті ішінде ұйықтап жатқан иесімен бірге айдап кетпек болды. Алайда ол небәрі 10 метр ұзап, полиция қызметкерлерімен тоқтатылды, деп хабарлайды Tengri Auto.

Ақмола облысы Полиция департаментігің ақпаратынша, тәртіп сақшылары ерекше жағдайда жасалған көлік ұрлығы әрекетінің жолын кесті.

Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

@aqmola_pd жарияланымынан

"Түнде дәмханада демалғаннан кейін Петропавл қаласының 26 жастағы тұрғыны мас күйінде біреудің Changan CS75 Plus маркалы көлігінің тізгініне отырған. Ең таңғаларлығы, сол сәтте көлік иесі алдыңғы жолаушылар орындығында ұйықтап жатқан", - деп хабарлады Ақмола облыстық ПД.

Ер адам небәрі 10 метрдей жүріп үлгерген - көлікті патрульдік полиция батальонының қызметкерлері тоқтатты.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Ер адамның іс-әрекеті "Автомобильді немесе өзге де көлік құралын жымқыру мақсатынсыз заңсыз иеленіп алу (айдап кету)" бабы бойынша сараланды", - деп нақтылады облыстық полиция.

Полицейлер қырағылық танытып, көлік қараусыз қалмаған күннің өзінде кілтті оталдыру құлпында немесе көлік ішінде қалдырмау қажеттігін ескертті.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью