Inform.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің мәліметінше, 26 наурыз күні тозығы жеткендіктен Қылшақты өзені үстінен салынған жаяу жүргіншілер көпірі опырылған.
Ведомствоның хабарлауынша, аталған көпір 2022 жылы «Expert Group» ЖШС жасаған техникалық қорытындыға сәйкес апатты деп танылған.
Фото: Оксана Матасова / KazinformСоңғы уақытта көпірдің жағдайы өте нашар болған, өткен жылы оның айналасы қоршалған.
Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Ақжол Қылышбаевтың айтуынша, қазіргі уақытта оқиға орнында ескі жылу құбырлары бөлшектеліп, электр желілерін ажырату және аумақты қоршау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Алдағы күндері көпір толықтай бұзылады.
Қала әкімдігі тұрғындардың қолайлығы үшін осы жерде жаңа көпір салу мәселесін қарастыратынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, бұған дейін Өскеменде құлаған Шнайдер көпірі жаңа көпір салу алдында бөлшектеліп жатқаны хабарланған болатын.