Көкшетауда бокстан әлем чемпионы Карина Ибрагимова дауыс берді

15.03.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Көкшетауда бокстан әлем чемпионы Карина Ибрагимова Краснояр селосында “Көкше” мәдениет үйінде орналасқан №1 сайлау учаскесінде референдумға қатысып өз дауысын берді, деп хабарлайды Aikyn.kz порталының тілшісі. 

Референдумда өз дауысын берген Карина Ибрагимова әрбір қазақстандық азаматтың елдегі айтулы саяси оқиғада өз дауыстарын беруі аса маңызды екенін атап өтті. 

- Мен Краснояр селосындағы №1 сайлау учаскесіне келіп өз таңдауымды жасадым. Өйткені осындай еліміздің өміріндегі аса маңызды саяси науқанға қатысу еліміздің әрбір азаматы үшін қасиетті парызы деп санаймын.  Әрбір азамат өз таңдауын жасауға тиіс, - деп атап өтті Карина Ибрагимова. 

Абзал АЛПЫСБАЙҰЛЫ,

Ақмола облысы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью