Көкшетауда бозбала тоқ соғып көз жұмды

23.07.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 23 шілде – Sputnik. Көкшетауда 18 жастағы бозбала тоқ соғып қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қайғылы оқиға 22 шілдеде болған. 18 және 17 жастағы екі жігіт металмен жұмыс істеп жатқанда тоқ соққан. Жұмыс кезінде қатты жел соғып, металл электр желісіне құлаған. Салдарынан екі бозбаланы тоқ соққан.

"22 шілдеде 103 желісіне электр жарақатына байланысты қоңырау түсті. Алдын ала мәліметтер бойынша, 2008 жылы туған жас жігітті электр тоғы соққан. Жедел жәрдем бригадасы келгенде жігіт қайтыс болған", - дейді Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасында.

Ал оқиға орнында бірге болған 17 жастағы бозбала аман, ауруханаға жатқызылды.

Дәрігерлер оның өміріне қауіп жоқ дейді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью