Көкшетауда екі сәби пәтер ішінде жалғыз қалып қойды

01.12.2025

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Көкшетауда құтқарушылар екі баланы пәтерден аман алып шықты, – деп хабарлайды Aikyn.kz

Көкшетауда көпқабатты үйдегі бір пәтердің есігін ашу жөнінде «112» қызметіне қоңырау түсті. Пәтер ішінде 2022 және 2025 жылы туған екі кішкентай бала қалып қойған.

Оқиға орнына дереу жеткен ТЖД қызметкерлері арнайы құралдың көмегімен есікті ашып, пәтерге кірді. Балаларға ешқандай зардап келген жоқ.

Құтқарушылар бүлдіршіндерді анасына тапсырды.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью