Көкшетауда есірткі таратпақ болған 19 жастағы жігіт ұсталды

04.07.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Фото: Polisia.kz

Полицияның мәліметінше, жыл басынан бері Ақмола облысында 24 есірткі тасымалдаушының заңсыз әрекеті тоқтатылып, айналымға 80 келіден астам синтетикалық есірткінің түсуіне жол берілмеген.

Бұл жолы жедел қызметкерлердің назарына «жасырын орындарға есірткі қалдыратын» 19 жастағы жігіт іліккен. Тергеудің алдын ала мәліметінше, ол жақында әскерден оралып, оңай ақша табу мақсатында есірткі сатумен айналысатындардың ұсынысына келіскен.

Есірткі қылмысына қарсы күрес: 6 мың сайт пен 9 мың банк картасы бұғатталды

Полицейлер күдіктіні тінту кезінде психотроптық зат салынған 50 ораманы тәркіледі.

Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Алматы облысында VIP клиенттерге есірткі сатқан топ ұсталды

Полиция есірткіні заңсыз айналымға шығару, оның ішінде курьер немесе «жасырын орындарға қалдырушы» ретінде әрекет ету аса ауыр қылмыс болып саналатынын еске салды. Заңға сәйкес, есірткі және психотроптық заттарды таратқаны үшін 7 жылдан 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Елордада полиция синтетикалық есірткі жеткізу арнасының жолын кесті

Сондай-ақ тәртіп сақшылары азаматтарды мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде таралатын «оңай ақша табу» туралы ұсыныстарға сенбеуге шақырды. Олардың айтуынша, жоғары табыс уәдесінің артында көбіне қылмыстық әрекет жасырынып, оның соңы ұзақ мерзімге бас бостандығынан айырылуға әкеледі.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью