Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..
АЛМАТЫ, 31 қазан – Sputnik. Көкшетаудағы колледж жатақханасында студент өлі табылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
16 жастағы бозбаланың мәйітін кураторы дәретхана кабинасынан тауып алған. Оқиға орнына жедел жәрдем қызметі дереу шақыртылғанымен, баланы құтқару мүмкін болмады.
Полиция қылмыстық іс қозғады.
"2009 жылы туған кәмелетке толмаған баланың қайтыс болу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша оқиға қылмыстық сипатта емес. Қазіргі уақытта оқиғаның себептері мен мән-жайлары анықталып жатыр", - дейді Ақмола облысының полиция департаменті.