Көкшетауда майлы дақылдарды терең өңдеу кешені салынып жатыр

05.03.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Жоба ауыл шаруашылығы шикізатын терең өңдеуге бағытталған, бұл қосылған құны жоғары өнім шығаруды қамтамасыз етеді.

«Содружество» компаниялар тобының бас директоры Александр Самойловтың айтуынша, нысанның өндірістік қуаты жылына 1 млн тоннаға дейін шикізат (тәулігіне 3 мың тонна) өңдеуге мүмкіндік береді. Кешен майлы дақылдардың барлық түрін өңдейді: күнбағыс, рапс, зығыр және соя.

— Біздің бүкіл жобамыз терең өңдеу қағидаттарына негізделген және агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін арттыруға арналған мемлекеттік бағытпен толық сәйкес келеді, — деп атап өтті Александр Самойлов.

Сонымен қатар, биыл Мемлекет басшысының индустриялық жобаларды қолдау жөніндегі бастамаларын жүзеге асыру аясында Ақмола облысында жылына 60 млн дана кірпіш өндіретін кірпіш зауытының құрылысы жүргізіліп жатыр.

«MM BRICK» ЖШС директоры Есімхан Байғабыловтың айтуынша, жобаның құны — 13,7 млрд теңге. Қазіргі уақытта құрылыс-монтаж жұмыстары 80%-ға аяқталып, жабдықтарды жеткізу басталды. Кәсіпорынды іске қосу 2026 жылға жоспарланған.

— Мемлекеттің көмегімен сумен және жылумен жабдықтау желілерін жүргізу мәселелері шешілді. Қолдау шараларының бүкіл кешені бізге өнімнің кең ауқымын шығаруға жағдай жасап, өңірдің дамуына мультипликативтік әсер береді, — деді кәсіпорын басшысы.

Осыған дейін Үкімет басшысы Ақмола облысының индустриялық аймағының жобаларымен танысқанын жазған едік.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью