Көкшетауда сауда орталығында кішкентай баланы тоқ соқты

25.01.2026

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Көкшетауда сауда орталығында кішкентай баланы тоқ соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kokshetau Media-ға сілтеме жасап.

Көкшетауда сауда орталығында кішкентай баланы тоқ соқты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kokshetau Media-ға сілтеме жасап.

Анасының айтуынша, оқиға 2025 жылғы 22 желтоқсанда сауда орталығының бірінші қабатында болған. Әйелдің сөзінше, 1 жас 9 айлық қызы Айсана қоршаусыз жерде тұрған жаңа жылдық безендіруді ұстамақ болған кезде, оны тоқ соғып, жарақат алған.

Баланың анасы безендіру келушілер, оның ішінде балалар да еркін жүретін аймаққа орналастырылғанын айтады. Оқиға салдарынан бүлдіршіннің алақанына үшінші дәрежелі күйік диагнозы қойылған. Бала шұғыл түрде облыстық балалар ауруханасына жеткізіліп, ауруханаға жатқызылған.

Анасы қызға қарқынды ем тағайындалғанын, оның ішінде күніне үш рет Цеф-3 егілетінін айтты.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от КОКШЕТАУ МЕДИА•НОВОСТИ•РЕКЛАМА (@kokshe_media)

Жарияланымда бұл оқиға адамдар көп жиналатын орындарда мерекелік безендіру орнату кезіндегі қауіпсіздік шараларының сақталуына қатысты сұрақтар туындайтыны атап өтілген.

Көкшетау қалалық полиция басқармасы бұл дерек тіркелгенін мәлімдеді. Жиналған материалдар Төтенше жағдайлар басқармасына жолданған.

Материал жарияланған сәтте сауда үйі әкімшілігінен ресми пікір болған жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Следите за нашими новостями в Google News

Подписаться

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью