Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Көкшетауда тұрғын үй ауласында көлік жүргізушісі әйелді басып өлтірді.
Оқиға 9 мамырында тұрғын үй ауласына кіре беріс жолда болды.
Оқиға сәті бейнекамераға түсіп қалған.
Жаяу жүргінші оқиға орнында көз жұмды. Ақмола облысының полиция департаменті жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.
Қазіргі уақытта оқиғаның мән-жайы анықталып, тергеу жүріп жатыр.