Көкшетауда үш бала суға батып кете жаздады

18.11.2025

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Көкшетауда 2016 және 2017 жылы туған үш бала абайсызда суға батып кете жаздады. Қылшақты өзенінің жағасында ойнап жүрген балалар табан астындағы сәбидің еңбегіндей былқылдаған мұздың қалай ойылып кеткенін аңғармай қалған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Бір жақсысы, өкпек жолаушылардың көзіне түсіп, аман қалыпты. Көрер жарықтары бар екен. Суық суға малшынған балалар лезде облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілген.

Қазір төтенше жағдай департаментінің қызметкерлері үш баланы ажал аузынан арашалап қалған ержүрек азаматты іздестіру үстінде. Ерлік ескерусіз қалмауы керек қой.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью