Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
АСТАНА, 16 ақпан – Sputnik. Көкшетауда "ArtSport" мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысында заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды Ақмола облысының прокуратурасы.
Жеке кәсіпкер 2023 жылғы мамыр айынан 2024 жылғы қыркүйек айына дейінгі кезеңде алты баланың сабаққа қатысқаны туралы жалған ақпарат берген. Балалар іс жүзінде секцияларға қатыспаған.
"Әйел жеке кәсіпкер ретінде тіркеліп, "ArtSport" бағдарламасына қатысу құқығын алған. Сондай-ақ ваучерлік қаржыландыру арқылы сабаққа қатысу табельдерін және көрсетілген қызметтер актілерін жалған толтырған. Соның негізінде мемлекеттік бюджеттен оның есепшотына ақша қаражаттары аударылған", - дейді прокуратура.
Салдарынан мемлекетке 1,4 млн теңгеден астам мөлшерде залал келтірілді. Қылмыстық іс қозғалды. Ол Қылмыстық кодекстің 190-бабы "Алаяқтық" бойынша кінәлі деп танылып, 2 жылға бас бостандығы шектелді.
Сондай-ақ 3 жыл мерзімге материалдық жауапты лауазымдарды атқару құқығынан айырылды.