Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
ШҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, көктайғақ кезінде жарақат алып қалмау үшін қауіпсіздік ережелерін сақтау маңызды.
— Табаны қатты, сырғымайтын аяқ киімді таңдаңыз. Ауыр сөмкелерді өзіңізбен бірге алып жүрмеңіз, себебі тепе теңдікті жоғалтып құлап қалу қаупі жоғары. Егер мұз басқан жерді айналып өтуге мүмкіндік болмай тұрса, онда мұз үстімен қысқа адымдар жасап, шаңғышы сияқты баяу сырғып қозғалыңыз, — делінген ақпаратта.
Қолыңызды қалтаңызға салып жүрмеңіз. Бұл құлаған кезде жарақат алу қаупін арттырады.
— Егер сырғанып кетсеңіз — сәл отырып, қолыңыздағы барлық нәрсені тастаңыз. Жолда телефонмен сөйлесуден бас тартыңыз. Көктайғақ әсіресе баспалдақта, жол жиектерінде аса қауіпті екенін ұмытпаңыз, — делінген хабарламада.
Еске салсақ, осыған дейін Өскеменде ақпанның басынан 500-ге жуық адам көктайғақтан зардап шеккені хабарланған.