Көктайғақ, қатты жел, найзағай: 3 сәуірде ауа райы күрт құбылады

02.04.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Мамандардың мәліметінше, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік-батысы мен оңтүстігінде нөсер жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, кей жерлерде бұршақ түсіп, дауылды жел соғады.

Ал республиканың қалған бөлігінде ауқымды антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

Сонымен қатар, ел аумағында тұман түсіп, жел күшейеді, ал солтүстік өңірлерде көктайғақ болуы мүмкін.

Синоптиктердің ескертуінше, Қызылорда облысының шығысында, Түркістан облысының батысы мен солтүстігінде, Жамбыл облысының орталық аудандарында, Жетісу облысының солтүстігі мен оңтүстігінде, сондай-ақ Алматы облысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Бұған дейін сәуір айының басында еліміздің солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз, жылы көктемгі ауа райы сақталатынын жаздық. Ал батыс өңірлерге оңтүстік циклон әсер етіп, тұрақсыз ауа райын қалыптастырады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью