Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
АЛМАТЫ, 8 сәуір – Sputnik. Алматы облысының Талғар ауданындағы Көктал ауылында халыққа жағдай жасалмаған. Осылай деп шағым айтқан тұрғындардың базынасын Sputnik Қазақстан тілшісі тыңдап қайтты.
Алматының іргесінде екі жарым мыңға жуық тұрғыны бар Көктал ауылы орналасқан. Ауыл тұрғындарын көпір, мектеп, аурухана мәселесі тығырыққа тіреген.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысындағы Көктал ауылы
Алматы облысындағы Көктал ауылы
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы – Қорғас халықаралық жолы салынған кезде ауылды қақ жарып өткен. Мешіті бір жақта, тұрғындар бір жақта қалған. Жаяу жүргіншілерге арналған көпір жол жобасына кірмей қалған.
"Жұма намазы кезінде сабылып, жолдан жүгіріп өтіп, ана жолдың ортасында тұрған бөгетті аттап жүреміз. Шайға шақырған туған-туысқа да жету мұң. Жолдан өту деген азап болды. Күніне қаншама адам ары-бері жүгіріп жүреді. Оқушылар да жүгіріп өтеді. Жасы келген кісілерге өте қиын. Көлік деген сағатына 100 шақырым жылдамдықпен ағылып жатыр. Міне жол салынғалы қаншама жыл болды, сонша жыл көпір сұрап қақсап келеміз", - дейді Көктал ауылының тұрғыны Серік Айнақұлов.
Көпір салмаса да жаяу жүргінші өтетін жол сұраған тұрғындар мұңымызға құлақ асар адам жоқ дейді.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысындағы Көктал ауылы
Алматы облысындағы Көктал ауылы
© Sputnik / Айдана Дайырова
"Автобус қатынамайды. Таңертең, кешке бір-екі автобус шығарып қойған, оның өзі жүрмейді. Ескі автобустар, жүргізуші де табылмайды. Барынан жоғы, екі сағаттап тұрамыз. Ауылдың чатында отырып алып, "автобус көріне ме, айтыңдаршы" деп бір-бірімізден сұрап отырамыз", - дейді көкталдықтар.
Ауылдың 300-ге жуық оқушысы жан-жақтағы мектептерге барып білім алып жүр, өйткені мектеп жоқ.
"Мектеп салуға оқушы саны жетеді. Балаларымыз жан-жақта өріп жүр, он шақты мектепке қатынап оқиды. Елдің көбі қалада жұмыс істейді. Оқушының бәрін автобуспен тасымалдап жатқан жоқ. Ауылдың кейбір тұрғындары сол оқушыларды тасып күнін көріп жүр", - дейді тұрғындар.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысындағы Көктал ауылы
Алматы облысындағы Көктал ауылы
© Sputnik / Айдана Дайырова
Бұл аздай, Көкталда отбасылық амбулатория да жоқ. Басы ауырып, балтыры сыздағандар таксилетіп, басқа ауылдық округке барып жүр. Екі жарым мыңға жуық тұрғыны бар Көкталда тіпті дәріхана да жоқ.
"Бір мәселені айтсақ, оның шешілуі өте қиын. Қаншама жылдан бері аурухана сұрап жатырмыз, әлі шешілмеді. Дайын үй табыңдар деді, ана үйді, мына үйді көрсетеміз, ол жарамайды дейді. Жер бар, аудандық әкімдік шешімі бар, бірақ жердің мемлекеттік актісі жоқ деп жатыр", - дейді Серік Айнақұлов.
Sputnik Қазақстан тілшісі мәселені Еркін ауылдық округі әкімі Нұрбол Есенбаевтан сұрап білді. Әкім айтылған мәселенің бәрі рас дейді.
"Ауылдағы қазір өткір тұрған мәселенің бірі – көпір. Ол мәселе "Қазавтожол" қарамағында, былтыр қарашада басшылығы келген, мәселені біледі. Ал аурухана бойынша жер қарастырылған. Комиссия қорытындысы шықты. Мемлекеттік актісіне қаражат қарастырылып жатыр. Биыл сол құжатты дайындап, орталық ауруханаға береміз. Олар амбулатория ашу мәселесін шешеді", - дейді Нұрбол Есенбаев.
Әкімнің айтуынша, 2014-2015 жылдарғы ауылдың бас жоспарында мектеп қарастырылмаған.
"Былтырғы жылдан бастап ауылдың жаңа бас жоспары жасалды. Сол жерде мектепке үш гектар жер қарастырылған. Қазіргі бас жоспарын облыстық архитектура басқармасы жасап жатыр, тапсырыс беруші солар. Жобасы біткеннен соң экспертизаға береді. Экспертиза оңды шықса, аудан мәслихаты бас жоспарды бекітеді. Содан кейін ол жерлерді мемлекет мұқтаждығына деп сатып аламыз", - дейді әкім.
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысындағы Көктал ауылы
1/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысындағы Көктал ауылы
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысындағы Көктал ауылы
2/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысындағы Көктал ауылы
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысындағы Көктал ауылы
3/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысындағы Көктал ауылы
© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысындағы Көктал ауылы
4/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысындағы Көктал ауылы
1/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысындағы Көктал ауылы
2/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысындағы Көктал ауылы
3/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысындағы Көктал ауылы
4/4
© Sputnik / Айдана Дайырова
Алматы облысындағы Көктал ауылы
Десе де, Көкталда жағдай тым нашар деуге келмейді, өйткені ауылдағы 11 көше толық асфальтталып, 100% жарықтандырылған. Осы жазда электр бағаналары түгел жаңадан ауыстырылады. Оған керекті құрал толық сатып алынған.