Egemen.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
Шымкентте республикалық «Көктем-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтіп, көктемгі су тасқынының алдын алу, салдарын жою, сондай-ақ құтқару мен шұғыл әрекет ету жұмыстары пысықталып жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің базасында жедел штаб құрылып, азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйелері жоғары дайындық режиміне көшірілді. Төтенше жағдайларды жою басқармасының инженері, азаматтық қорғау капитаны Шәріп Асқардың айтуынша, қазіргі уақытта байланыс жүйелері мен авариялық-құтқару қызметтерінің жеделдігі жан-жақты тексеріледі. Сонымен қатар көктемгі су тасқынының алдын алуға бағытталған кешенді шаралар кең көлемде жүргізіледі.
«Практикалық бөлім шеңберінде қала аумағында су басу қаупі жоғары учаскелерде 9 оқу-жаттығу нүктесі белгіленген. Атап айтқанда, осы күнде Абай ауданында – 2, Әл-Фараби ауданында – 1, Еңбекші ауданында – 3, Тұран ауданында – 1, Қаратау ауданында – 2 нүктеде оқу-жаттығулар өтіп жатыр. Сонымен қатар бір нысанда «ҚТЖ» ҰК» АҚ теміржол платформалары арқылы инженерлік және өзге де техникаларды тиеу-түсіру жұмыстары қолға алынады» деді ол.
Бұдан бөлек, шұғыл ден қою жасақтарын жинау, зардап шеккен тұрғындарды эвакуациялау және қабылдау пункттерін өрістету, сондай-ақ азаматтық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың күштері мен құралдарын Түркістан облысына жедел жіберу тәжірибесі сынақтан өткізіледі. Бұл ретте жеке құрамның Түркістан облысы аумағында автономды жағдайда әрекет етуге толық дайын болуы маңызды дейді маман.
Айта кетейік, «Көктем-2026» командалық-штабтық оқу-жаттығуы 25-27 ақпан күндері республика көлемінде өтетін болады.
Соңғы жаңалықтар
«Көктем-2026»: Шымкентте су тасқынының алдын алу шаралары күшейтілді
Аймақтар • Бүгін, 13:03
«Kia Qazaqstan» зауытының ұжымы Конституция жобасына қолдау білдірді
Ата заң • Бүгін, 12:48
«Ақылды» камералар құрығы: 12 наурыздан бастап айыппұлдар автоматты түрде жазылады
Қоғам • Бүгін, 12:42
Намаз оқымаса, ораза қабыл бола ма?
Дін • Бүгін, 12:34
Ұшу-қону жолағы жөнделеді: Елордалық жолаушыларды қандай өзгерістер күтіп тұр?
Қоғам • Бүгін, 12:18
Спортшылар ел азаматтарын референдумды қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 12:09
Ораза кезінде екпе салдыруға бола ма?
Қоғам • Бүгін, 11:58
Әскери қызметшілерге арналған ақпараттық портал әзірленді
Қоғам • Бүгін, 11:50
Ораза және бала денсаулығы: Ата-ана нені ескеруі керек?
Балалар • Бүгін, 11:43
Софиядағы шаршы алаңда еліміздің төрт боксшысы өзара жұдырықтасты
Бокс • Бүгін, 11:38
Атырауда 15 жастағы қыз жоғалып кетті
Аймақтар • Бүгін, 11:22
Маңғыстау мұнайшылары жаңа Конституцияны қолдайды
Ата заң • Бүгін, 11:12
«Реал» Мбаппесіз ойнады: «Бенфикаға» қарсы матч қалай өтті?
Футбол • Бүгін, 11:07
Саясат • Бүгін, 10:58
Қазақстан Ресейден электр энергиясын сатып алудан бас тарта ма?
Қазақстан • Бүгін, 10:43