Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Табиғаттың оянуын, ынтымақ пен тазалықты білдіретін Жаңару күнінде жаппай ағаш егу, қоршаған ортаны көгалдандыру дәстүрге айналған. Дегенмен бұл игі іс-шараларды көктем ерте шығатын Түркістан өңірінің тұрғындары «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында белсенді атқарып келеді.
Жердің сортаңдануының алдын алу мақсатында Отырар ауданы Көксарай ауылының тұрғындары 15 шақырым жол жиегіне көшет отырғызып, тамшылатып суару жүйесін енгізген. Үш жыл ішінде 100 мың түп ағаш егіп, жасыл желекті қоршаған.
Облыс әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбековтің айтуынша, облыс аумағында 2021–2027 жылдары 110 мың гектар жерге 170 млн көшет отырғызу жоспарланған. Соған сәйкес 2021–2025 жылдары 96 мың гектарға 146 млн дана ағаш отырғызылды.
Түркістан облысында орман шаруашылығына қарасты жалпы аумағы 342 гектарды құрайтын 21 тұқымбақ жұмыс істейді. Оларда өсірілген көшеттер саны 35 миллионнан асқан. Мысалы, Қазығұрт ауданындағы «Жасыл желек» мекемесінің тұқымбағы 20 гектар аумақта орналасқан. Мекеме басшысының мәліметінше, оның 16 гектарында көшеттің 40 түрі өсіріледі. Қазір мұнда 1,9 миллион көшет бар.
Жетісай ауданында 1 гектар жерге тұқымбақ ұйымдастырылды. «Жетісай қызмет» мекемесінің теңгеріміндегі аталған тұқымбақта 65 мың түпке жуық емен, айлант, үйеңкі, катальпа, акация, көк терек, ақ терек, мырза терек, ива, келінтал, жиде секілді ағаштар мен сәндік көшеттер дәнмен, қаламсаппен отырғызылып, олардың өсуіне қолайлы жағдай жасалған. Жалпы, облыс аумағында 2021–2025 жылдары 3,7 миллионнан астам көшет отырғызылған, олардың орташа өнімділігі 63,5 пайызды құрады.
Тарихи маңызы зор «Отырартөбе» қалажұрты маңында ұйымдастырылған акцияға қатысушылар бірлесе отырып, 1000-ға жуық көшет отырғызды. Жуырда Түлкібас ауданындағы орталық саябаққа ауылдықтар 1000 түп емен көшетін екті. Былтыр 76 мыңнан астам ағаш көшеті арнайы қоршалып, суару жүйесімен қамтылған алқаптарға отырғызылған болатын.
Күні кеше Мақтаарал ауданы Абат ауылы мен Қоңырат ауылының тұрғындары арнайы жер телімдеріне арша көшеттерін, «Абат» аллеясына қосымша 18 арша мен 50 қара тал отырғызды. Сонымен қатар бұған дейінгі талдар егіліп қойған 3 шақырымнан астам аумақ қоршалды. Бір күнде аудан аумағында 400 түп арша, 200 тұт ағашы, 50 түп үйеңкі, 300 қарағаш көшеттері егілді. Ал Арыс қаласының тұрғындары Арыс-Шардара айналма тас жолының бойына 1 500 түп ағаш көшетін отырғызды. Егілген жас дарақтардың барлығы – жергілікті климатқа бейімделген, қалалық тұқымбақта арнайы өсірілген қара тал мен сабын талдары. «Жасыл Арыс» КММ қызметкерлерінің айтуынша, биыл көктемде қала аумағында жалпы саны 6 000 түп ағаш отырғызу жоспарланған.
Түркістан облысы
Соңғы жаңалықтар
Мәдениет • Бүгін, 08:30
Қоғам • Бүгін, 08:25
Ұлттық спорт • Бүгін, 08:20
Өнер • Бүгін, 08:15
«ӨзенЖылу»: Ауқымды істер арнасы
Экономика • Бүгін, 08:10
Жаңа Конституцияны жүзеге асыру міндеттері айқындалды
Саясат • Бүгін, 08:08
Мереке • Бүгін, 08:05
Сыртқы сын-қатерлерге берілген жауап
Президент • Бүгін, 08:03
Денсаулық сақтау жүйесін жетілдіру жөніндегі кеңес
Саясат • Бүгін, 08:00
ҚазҰУ-да іске қосылған төрт ірі жоба
Университет • Бүгін, 07:45
Ғылымды өндіріспен барынша ұштастыру – стратегиялық мақсат
Білім • Бүгін, 07:30
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ораза айт мерекесімен құттықтауы
Президент • Бүгін, 07:05
Мереке • Бүгін, 07:00
Ертең еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жасалды
Ауа райы • Кеше
Иран Израильдің ең ірі мұнай өңдеу зауыттарына шабуыл жасады
Әлем • Кеше