Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
- Қазіргі кезде Tasqyn жүйесі арқылы қауіп аймағындағы бес өңір айқындалды. Олардың қатарында Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Абай және Қарағанды облыстары бар. Осы өңірлердегі жағдайды күнделікті форматта бақылап отырмыз. 1 наурыздан бері тәулік бойы жұмыс істеп тұрған жедел штаб құрылды. Сондықтан жергілікті атқару органдарымен бірге барлық ескерту шаралары жасалды. Бұдан бөлек, тиісті инженерлік жұмыстар да атқарылды. Қазір елді мекендерге қатысты қауіп жоқ. біздің күш құрылымдар толық әзірлікте тұр, - деді К.Тұрсынбаев Сенатта тілшілер сұрағына жауап бере отырып.
Оның айтуынша, аталған бес өңірде қар қалың түскен және қатып қалған топырақ қалыңдығының деңгейі назарға алынып отыр. Осы орайда жасалған тиісті талдаудың нәтижесінде бұл облыстар қауіпті аймақтардың қатарына енді.
Бұған дейін хабарланғандай, еліміздің өңірлерінде су тасқынына дайындық шаралары жалғасып жатыр.