Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Қыстың ызғары кетіп, күн жылына бастаған шағында адамның бойын әлсіздік басып, ұйқыға бой алдыратыны белгілі. Ағзаға қандай дәруменнің жетіспейтінін анықтадық, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Теріңіз құрғай бастаса, ағзаға А дәрумені жетіспейді. Шаштың түсі өңіп, жылтырлығынан айрылады. Иммунитет төмендеп, ағзаның ауруға қарсы тұру қабілеті төмендейді. Мұндай кезде сәбіз, өрік, қызылша және куркума дәмдеуіші қосылған тағам жеген жөн. Ежелгі үнділіктер сүтке куркума, бал қосып қосып ішкен. Бұндай сүт көптеген жұқпалы және қабынбалы аурулардың алдын алуға септігін тигізген.
Басыңыз айналып, құлағыңыз шуылдаса, В6 және Е дәрумендерінің, марганец пен калий дәрумен жетіспейді. Ал көзіңіз қызарып, қараңғы жерге бірден үйренісе алмасаңыз, А және В2дәрумені жетіспейді.
Төртіншіден, егер В12, В6, Р және селен жетіспесе, баста қайызғақ көбейіп кетеді. Шашыңыздың түсі солғын болып, ұштанғыш болса, В9, С витаминдері жетіспейді.
Алтыншыдан ұйқысыздықтың себебі — В тобы дәрумендерінің, калийдің, кальцийдің жетіспеушілігінен. Ондай кезде шаш пен тырнақтың сынғыштығы, магний жетіспеген кезде сіңірдің тартылуы және жүйкенің тозуы пайда болады.
D дәруменінің жетіспеушілігі әлсіздікке, бүйрек пен қан тамырларының проблемаларына әкеп соғады. Бұндай кезде сүт, сүт өнімдерін, жұмыртқа мен балықты молырақ жеу керек.
Темір жетіспеген кезде, ағза әлсірейді. Ал йод жетіспеген кезде ашушаңдық және ұйқышылдық пайда болады. Ендеше йоды мол тағамдары картоп, оны суға не буға пісіріп, қабығымен жеген дұрыс. Картоптың қабығында 60 мг йод болады. Ас тұзының бәрінде йод болады. Мәселен, гималай тұзының құрамында 500 мг йод болады екен. Сондықтан мүмкіндік болса, гималай тұзын тауып тұтыну керек. Мүкжидек – жақсы антиоксидант (қатерлі ісіктің алдын алушы). Құрамында йод өте мол. 120 грамм мүкжидекте 400 мкг йод болады. Йодтың күндік нормасын алғыңыз келсе, аздап мүкжидек жеңіз. Немесе бір стақан балғын шырынын ішсеңіз жеткілікті. Ал жарты стақан асбұршақ пен теңіз асбұршағының құрамында 32 мгк йод болады.
Егер кез келген жеріңізді соғып, көгертіп алып, ол көпке дейін қалыпқа келмесе, сізде С дәрумені жетіспейді. Сондай-ақ қызыл иек қанап, жүрек жиі қағып, өзіңізді жайсыз сезінсеңіз де С дәрумені тапшы болуы мүмкін.