Көктемгі егін егу және жинау жұмыстарына қанша қаржы бөлінеді?

24.02.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Қазақстанда 2026 жылғы көктемгі егін егу және егін жинау жұмыстарына жеңілдетілген кредит беруге 700 млрд теңге бағыттау жоспарланып отыр. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров Үкімет отырысында мәлімдеді. Қаржыландыру тетіктері ерте іске қосылып, диқандарды ресурс­пен қамтамасыз ету шаралары алдын ала пысықталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

2026 жылға арналған егіс алқаптарының болжамды құрылымы бекітілді. Жалпы егіс көлемі 23,8 млн гектарды құрайды. Бұл – өткен жылмен салыстырғанда 180 мың гектарға артық.

Егіс құрылымы бидай алқаптарын қысқартып, табыстылығы жоғары дақылдардың үлесін арттыруға бағытталған. Мұндай қадам қайта өңдеу кәсіпорындарын шикізатпен тұрақты қамтуға және баға құбылуының тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді.

2026 жылға жоспарланған өзгерістер:

Азықтық дақылдар – 242 мың гектарға ұлғаяды; Арпа – 94 мың гектарға көбейеді; Жүгері – 90 мың гектарға артып, 265 мың гектарға жеткізіледі; Майлы дақылдар – 55 мың гектарға өседі; Картоп – 10,3 мың гектарға ұлғаяды; Бидай алқабы – 125 мың гектарға қысқарып, 12,1 млн гектарды құрайды. Қаржыландыру ерте басталды

Министрдің айтуынша, көктемгі дала жұмыстарына өтінім қабылдау өткен жылдың қазан айында басталған. Бұл шаруаларға науқанға алдын ала дайындалуға мүмкіндік берді.

Қазіргі таңда шамамен 1 900 ауыл шаруашылығы тауарын өндірушіге 200 млрд теңге көлемінде қаржы берілді. Бұл – жоспарланған соманың шамамен 30%-ы және өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 6%-ға артық.

Жеңілдетілген несие көктемгі егін егу мен күзгі жиын-терім жұмыстарын уақытылы әрі сапалы атқаруға бағытталған.

Егін жинау науқаны аяқталуға жақын

Дизель отыны мен техника жаңарту

Егіс науқанын үздіксіз өткізу үшін 402 мың тонна жеңілдетілген дизель отыны бөлінді. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы техникасы паркін жаңарту деңгейін 8%-ға дейін жеткізу жоспарланып отыр. 

Үкімет қабылдап отырған бұл шаралар көктемгі дала жұмыстарының тиімділігін арттырып, аграрлық сектордың тұрақты дамуына негіз қалайды.

Мемлекет басшысы Ақмола облысындағы егін жинау науқанымен танысты

Соңғы жаңалықтар

Әуе отынының импорты салықтан босатыла ма?

Қоғам • Бүгін, 09:48

Рамазан айында пойыздарда алкоголь өнімдері сатылмайды

Қоғам • Бүгін, 09:34

Үкімет Каспийді зерттеуге 1,1 млрд теңге бөлді

Экология • Бүгін, 09:20

Валюта бағамы: Бүгін доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:10

Құрылыс саласын цифрландыру: Өзекті істің аяқ алысы қалай?

Құрылыс • Бүгін, 09:00

«Біз үшін су дипломатиясы маңызды»

Сұхбат • Бүгін, 08:55

Түтінге тұншыққан Өскемен

Аймақтар • Бүгін, 08:50

Айрықша аквамәдениет

Шаруашылық • Бүгін, 08:45

Азаматтық ұстаным

Саясат • Бүгін, 08:43

Ұлттық қордың балаларға шарапаты

Қоғам • Бүгін, 08:40

Ел өркендеуінің жаңа бағдары

Саясат • Бүгін, 08:38

Білім саласына сұраныс жоғары

Еңбек • Бүгін, 08:35

Қоғамдық диалогтің дәйектілігі артады

Саясат • Бүгін, 08:33

Жұмысшы құқы неге бұзылады?

Құқық • Бүгін, 08:30

Тарихи таңдау

Пікір • Бүгін, 08:28

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью