Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Алматы тұрғыны Көктөбе телемұнарасына найзағай түскен сәтті бейнетіркегішке түсіріп алды. Оқиға бүгін күн күркіреп, жауын жауған кезде болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматы тұрғыны Көктөбе телемұнарасына найзағай түскен сәтті бейнетіркегішке түсіріп алды. Оқиға бүгін күн күркіреп, жауын жауған кезде болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?Бірегей кадрларды әл-Фараби даңғылымен Назарбаев көшесінің қиылысына таяу маңда келе жатқан жүргізуші түсірген.
Бейнежазбадан күн күркіреп тұрған кезде Көктөбе телемұнарасына найзағай түскенін көруге болады.
Алматы Төтенше жағдайлар департаменті аталған дерек бойынша 112 және 101 желілеріне ешқандай хабарлама түспегенін мәлімдеді.
Қолайсыз ауа райы кезіндегі қауіпсіздік шараларыБұған дейін Төтенше жағдайлар департаменті қолайсыз ауа райы құбылыстары кезіндегі қауіпсіздік шараларын жариялаған болатын.
Қатты жел, күн күркіреу және бұршақ жауған кезде құтқарушылар мүмкіндігінше қауіпсіз ғимарат ішінде болуды, ағаштардың астын паналамауды және жарнама билбордтары мен бос тұрған конструкциялардың жанында тұрмауды ұсынады.
Күн қатты күркірегенде жүргізушілерге көлікті тоқтатуға кеңес беріледі, себебі нөсер жауын мен найзағай жарқылы жолдағы көріністі нашарлатуы мүмкін. Автокөлікті гаражға қойған абзал, ал ол болмаған жағдайда ағаштар мен нашар бекітілген нысандардан алыс жерге қалдыру керек.
Найзағай кезінде су айдындарының жанында болуға, шомылуға немесе балық аулауға болмайды. Үй ішінде терезелерден алыс тұрып, электр құрылғыларын пайдаланбаған жөн.
Төтенше жағдай туындағанда 112 нөміріне қоңырау шалу керек.
Алматыдағы алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамыСиноптиктердің мәліметінше, алдағы күндері Алматыда жаңбыр жауып, күн күркірейді деп күтіледі.
17 маусым: күн райы құбылмалы, күндіз аздап жаңбыр жауады, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 13 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +21...+23 градус, күндіз аптап ыстық - +33...+35 градус болады деп күтіледі.
18 маусым: күн райы құбылмалы, күндіз өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 15–18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +20...+22 градус, күндіз +31...+33 градус болады.
19 маусым: күн райы құбылмалы, өткінші жаңбыр жауып, күн күркірейді. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы секундына 3–8 метр, күндіз екпіні 15–18 метрге дейін жетеді. Ауа температурасы түнде +19...+21 градус, күндіз +30...+32 градус болады.
Тағы оқыңыз: Астана мен Алматыда 35 градусқа дейін аптап болады
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу