Көктөбеде аумағы 4 гектар болатын жаңа гүлді беткей ашылды

04.08.2026

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Алматы қаласының Туризм басқармасы өкілдерінің мәліметінше, ауқымды көгалдандыру және көркейту нәтижесінде мұнда серуендеуге арналған бағыттар, шолу алаңдары мен Алматының көркем көрінісі ашылатын жаңа қоғамдық кеңістік пайда болды,  – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жобаның басты ерекшелігі – гүлдеу кезеңінде тау бөктеріне ерекше көрік беретін лаванда террасалары. Мұнда ерте көктемнен күз соңына дейін сәнін жоғалтпайтын 20-дан астам көпжылдық өсімдік, сәндік бұта мен астық тұқымдас өсімдіктер егілген. Ландшафтық композицияны гортензия, тобылғы, шатыраш, көкжалбыз (котовник), қызылкүрең және сәндік астық тұқымдас өсімдіктер толықтырады.

Жобаны іске асыру барысында табиғи жер бедерін сақтауға ерекше көңіл бөлінді. Беткейлер эрозиядан қорғау үшін габион құрылымдарымен бекітіліп, келушілердің жайлы серуендеуі үшін табиғи ландшафтпен үйлесімді кіріктірілген жүргінші жолдары, баспалдақтар және шолу алаңдары салынды.

Жаңа қоғамдық кеңістік келушілер үшін ашық. Гүл композициялары саябақтың әр тұсынан анық көрінеді, ал серуен бағыттарынан Алматы қаласы мен Іле Алатауының әсем көрінісі ашылады. Жаңа гүлді беткей табиғат пен заманауи ландшафтық дизайн үйлесім тапқан қаланың көрікті орындарының біріне айналды.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью