Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..
Биылғы мерекелік кештің басты ерекшелігі – заманауи технологиялардың кеңінен қолданылуы болды. Іс-шара дыбыстық дрондардың әсерлі әуе шоуымен ашылып, Көктөбе аспаны мерекелік көрініске бөленді. Жоғары технологиялы дрондар әуеде қала тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтап, Көрісу күніне тән ерекше мерекелік атмосфера қалыптастырды. Бұл әсерлі көрініс жиналған көпшіліктің ыстық ықыласына бөленіп, концерттің символдық басталуына айналды.
Фото: Алматы әкімдігіКештің ең ерекше әрі көпшіліктің қызығушылығын тудырған сәттердің бірі «Жасанды интеллект жылы» аясында роботтардың мерекеге қатысуы болды. Заманауи роботтар халық арасына шығып, көпшілікпен көрісіп, құшақтасып, мерекелік көңіл күй сыйлады.
Мерекелік бағдарлама «Алатау» дәстүрлі өнер театры артистері дайындаған театрландырылған қойылыммен жалғасты. Қойылымда қазақ халқының көне дәстүрі – көрісу салты сахналанды. Артистер көрермендермен көрісіп, құшақтасу арқылы Көрісу күнінің мәні мен маңызын айшықтай түсті.
Фото: Алматы әкімдігіКеште қазақстандық танымал өнер жұлдыздары өнер көрсетті. Концертте Айгүл Қосанова, Мәдина Сәдуақасова, «Алатау серілері», «КешYOU», «Made in KZ», «Тұмар» топтары және «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі көрермендерге мерекелік көңіл күй сыйлады.
Фото: Алматы әкімдігіІс-шараға 2000-нан астам адам қатысты. Бұл күні Көктөбеге көтерілетін аспалы жол келушілер үшін тегін болды. Сонымен қатар мерекеге келген тұрғындар мен қонақтарға тегін шай ұсынылды.
Фото: Алматы әкімдігіДрондар мен роботтардың қатысқан «Көктөбедегі Көрісу» мерекесі алматылықтар мен қала қонақтарына көтеріңкі көңіл күй сыйлап, Наурыз мейрамының басталуын айшықтаған мәдени оқиғаға айналды. Бұл бастама Алматыда Наурыз мейрамын жаңа форматта атап өтудің ерекше үлгісі ретінде есте қалды.
Фото: Алматы әкімдігі Фото: Алматы әкімдігі Фото: Алматы әкімдігі Фото: Алматы әкімдігі