Көкжөтелден жыл сайын бір миллион бала көз жұмады

09.12.2025

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

АҚШ-та балалар арасында көкжөтел жиіледі.

Бірер апта бұрын Кентукки штатында 1 жасқа толмаған сәби көз жұмды. Осыған дейін де арнайы екпе алмаған тағы 2 бала көкжөтелден қайтыс болған. Жалпы ел бойынша кейінгі 11 айда 25 мың жағдай тіркелген. Әсіресе Луизиана, Вашингтон, Кентукки штаттарында дерт ушығып тұр. Көкжөтел – жедел таралатын жұқпалы ауру. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегіне сүйенсек, жыл сайын 60 миллион адам ауру жұқтырады. 1 жасқа дейінгі бір миллион бала жыл сайын осы дерттен көз жұмады.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью