Көлігінен 500 келі бекіре табылған Атырау тұрғыны сотталды

25.04.2026

Sputnik.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Көлігінен бекіре тұқымдас балық табылған Атырау қаласының тұрғыны қылмыстық жауапқа тартылды.

Оның автокөлігін тінту барысында 501,9 келі бекіре тұқымдас балық табылып, тәркіленді.

Сот оны кінәлі деп танып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.

Оған қоса сотталушыдан материалдық шығын мен мемлекеттік баж салығын өтеу есебіне 304 млн теңгеден астам қаражат өндірілу міндеттелді.

Бас прокуратураның мәліметінше, 2025 жылы Атырау облысының қылмыстық қудалау органдары экология саласында 30 құқықбұзушылық фактісін тіркеді.

Былтыр айыптау актісімен 11 қылмыстық іс сотқа жолданып, олар бойынша 10 тұлғаға айыптау үкімі шығарылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью