Көлігіңмен қоса өрттейміз : Шымкентте екі ер адам кәсіпкерден 10 млн теңге бопсалаған

21.10.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

АСТАНА, 21 қазан - Sputnik. Шымкентте екі ер адам кәсіпкерге тиесілі жүк көлігінің кілтін иемденіп, одан 10 млн теңге талап еткен.

Ақша берілмеген жағдайда жүк көлігін иесімен бірге өртеп жіберетіндерін айтып қорқытқан.

Алдын ала тергеу мәліметтеріне сәйкес, оқиға қалалық базарлардың бірінде болған. Ет өнімдерін тасымалдау барысында тауар бүлініп, тараптар арасында келтірілген шығынды өтеуге қатысты дау туындаған.

"Жедел іс-шаралар барысында полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері ҰҚКД-мен бірлесіп күдіктілерді талап етілген соманың 5 млн теңгесін алып жатқан жерінен ұстады", - дейді полиция департаменті.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өз бетінше билік ету дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью