Azh.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
"Ақ Жайық" тілшісі анықтағандай, прокуратура тергеу кезінде кемшіліктерге жол берілуі мүмкін екенін мойындап, тергеуді қайта жүргізетінін мәлімдеді.
"Атырау МӨЗ көлік инфрақұрылымын дамыту" ЖШС-нің 21 жастағы жұмысшысы Ғалымжан Мейрамбектің айтуынша, ол сол күні тепловоз бен жүк вагонының арасында қысылып қалған.
Оқиға салдарынан оның бір аяғы мен бір қолы жасамай қалды, төрт саусағынан айырылды. Зардап шеккен жұмысшының айтуынша, бір жыл өтсе де ол уәде етілген көмекті әлі алмаған көрінеді.
«Бұл бір жыл бұрын болған еді, уәде етілген көмек маған берілген жоқ. Мен пайдаланып жүрген мүгедек арбасы да ескі. Маған қаржылай қолдау көрсетуге, барлық өтемақыны төлеуге уәде берді, штат ашып, мені жұмысқа алатындарын айтты. Бірақ мұның ешқайсысы орындалған жоқ. Олар мені жай ғана ұмытып кетті», — дейді ол.
Оның айтуынша, жазатайым оқиғаны тергеу атүсті жүргізілген. Ол өзін оқиға орнына апармағанын, бірқатар тергеу әрекеттері жүргізілмегенін және қылмыстық іс ақыр аяғында қысқартылғанын айтып отыр.
Қылмыстық істің жабылғаны туралы деректі Атырау қаласы прокурорының орынбасары Валерий Лукпанов растады.
«Еңбек инспекциясының қорытындысына сәйкес оқиғада жұмыс берушінің де, қызметкердің де кінәсі анықталды. Осы негізде іс жабылды. Қазіргі уақытта материалдар басқа жағдайдың негізінде қайтадан тексеріліп жатыр. Атап айтқанда, бұрын жауапқа тартылмаған куәгерлер бар. Олардың айғақтары зерттеледі. Істі қысқарту туралы шешімнің күші жойылып, тергеу қайта басталады», — деді ол.
Сондай-ақ Лукпановтың айтуынша, тергеу жүргізіп, қылмыстық істі жабу туралы шешім қабылдаған тергеушінің әрекеттеріне құқықтық баға беріледі.
Атырау облысының Еңбек инспекциясы басқармасы олардың тексеруі аяқталғанын хабарлады.
«Тексеру қорытындысы бойынша кінә келесідей бөлінді: 70 пайызы - жұмыс берушінің кінәсі, 30 пайызы - қызметкердің кінәсі», — деп хабарлады ведомствода.
Еңбек инспекциясы жұмыс берушінің 70 пайыз мөлшеріндегі кінәсін анықтағанына қарамастан, зардап шеккен адамға өтемақы төлеу және нақты көмек көрсету мәселесі шешілмеген күйінде қалып отыр. Қазір Ғалымжан өзі ем алып, оңалту жаттығуларын жалғасырып, өндірістік жарақаттың салдарымен жалғыз өзі арпалысып жүр.
Айгүл МАНСУРОВА
Бүгін, 09:33