Көлік кептелісімен күрес тәсілі өзгереді Бектенов тапсырма берді

06.10.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

АСТАНА, 6 қазан – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов үкімет отырысында қалаларда көлік көп жүретін учаскелерде қозғалыс легін басқарудың интеллектуалды жүйесін енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, урбанизацияны ескере отырып, бірыңғай цифрлық көлік жүйесін қалыптастыруы қажет. Ол көлік активтерін толық есепке алып, қозғалысты нақты уақыт режимінде басқаруға, жүктемені болжауға және ықтимал тәуекелдерді алдын ала анықтауға мүмкіндік береді.

"Ірі қалаларда көлік кептелістері кезінде ғана әрекет етпей, саланы жүйелі басқаруға көшу қажет. Бұл азаматтардың жүріп-тұруына, қалалық ортаның қауіпсіздігі мен сапасына тікелей әсерін тигізеді", - деді Бектенов.

Көлік министрлігі әкімдіктермен бірлесіп, екі ай ішінде ірі қалалардағы көлік ең көп жүретін учаскелерді анықтап, онда көлік ағынын интеллектуалды басқару жүйесін пилоттық режимде іске қосуы қажет. Соның нәтижесінде тиімді шешімдер кеңінен енгізілетін болады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью