Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Тексерулердің мақсаты – қауіпсіздік стандарттарының, санитарлық нормалардың сақталуын және жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын бақылау.
Фото: Көлік министрлігіРейдтік іс-шаралар барысында мобильді топтар келесі компаниялардың пойыз құрамдарын тексерді:
«САРЫ-АРКА КОМПАНИ» ЖШС (№57 бағыт Астана – Орал);
«KAZ RAIL» ЖШС (№655Т бағыт Астана – Арқалық);
«ТУРКСИБ АСТАНА» ЖШС (№43 бағыт Қостанай – Алматы);
«Nomadas» ЖШС (№55 бағыт Қызылорда – Көкшетау).
Тексеру барысында вагондардың техникалық жай-күйіне, мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы купелердің жабдықталуына, төсек-орын жабдықтарының тазалығына, сондай-ақ бейнебақылау жүйелерінің жұмысына ерекше назар аударылды. Қарау нәтижесінде ішкі инвентарь жағдайы мен қызмет көрсету сапасына қатысты жекелеген заң бұзу анықталды.
Фото: Көлік министрлігіТексеру қорытындысы бойынша тасымалдаушылардың жұмысындағы кемшіліктер анықталып, тиісті нұсқамалар берілді, актілер рәсімделді.
Көлік министрлігі жолаушыларға анықталған заңбұзушылықтар туралы +7 700 098 35 35 нөмірі арқылы мессенджерлер арқылы Жедел ахуал орталығына хабарласуға болатынын ескертеді.
Айта кетелік Маңғыстауда пойыздан 84 литр заңсыз алкоголь тәркіленген еді.