Tengrinews.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..
Қазақстандықтар 2025 жылға арналған көлік салығын 1 сәуірге дейін төлеуі тиіс болатын. Егер төлем жасалмаса, 2 сәуірден бастап берешек сомасына өсімпұл есептеле бастайды, - деп хабарлайды Tengri Auto. Бұл дегеніміз – кешіктірілген әр күн сайын төленетін сома біртіндеп өсе береді. Сонымен қатар, салық ұзақ уақыт төленбеген жағдайда, елден шығуға шектеу қою немесе берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу сияқты қосымша шаралар қолданылуы мүмкін.

Уақытылы төлемеген жағдайда не болады?Өсімпұл 2 сәуірден бастап есептеледі және ол кешіктірілген әр күн сайын қсылады. Егер салық төленбесе, автокөлік иесіне хабарлама жіберіледі, содан кейін берешекті өтеуге 30 жұмыс күні беріледі.
Егер осы мерзімде де қарыз жабылмаса, салық бұйрығы шығарылады. Тағы 5 жұмыс күнінен кейін берешекті мәжбүрлі түрде өндіріп алу шараларын бастау қарастырылады.
Берешекті есептеу үшін келесі схема қолданылады: Ұлттық банктің базалық ставкасы 1,25 коэффициентіне көбейтіледі – осылайша жылдық өсімпұл анықталады. Содан кейін алынған мән 365 күнге бөлініп, қарыз сомасы мен кешіктірілген күндер санына көбейтіледі.
Мысалы: ставка 16,5 пайыз болғанда, 100 000 теңге қарыз үшін 10 күнге есептелген өсімпұл шамамен 565 теңге болады.Өсімпұл күн сайын артады. Тіпті аз ғана қарыз сомасы уақыт өте келе айтарлықтай өсуі мүмкін.
Берешек болған жағдайда мынадай шаралар қолданылуы мүмкін: банк шоттары мен мүлікті бұғаттау; шетелге шығуға шектеу қою; автокөлікті сатуға және қайта тіркеуге тыйым салу. Қай жерде тексеруге және төлеуге болады?Салықты келесі жолдармен тексеріп, төлеуге болады:
eGov Mobile қосымшасы арқылы; банктердің мобильді қосымшаларында; Мемлекеттік кірістер комитеті сайтында салық төлеуші кабинетінде.