Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Алматыда әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр. 15 маусымда сотта айыпталушы А. П. жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алматыда әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты сот талқылауы жалғасып жатыр. 15 маусымда сотта айыпталушы А. П. жауап берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Мен үшін шартты жазаның болуы мүмкін емес" - сотталушы сотта не деді?Жауап алу басталмас бұрын А.П. сотқа жүгініп, қайғылы оқиғаға өатысты кінәсін толық мойындайтынын мәлімдеді. Ол жауапкершіліктен қашпайтынын, жазасын өтеуге дайын екенін және өзіне шартты мерзім сұрамайтынын баса айтты.
"Кінәмді толық мойындаймын. Жол-көлік оқиғасын жасағаныма кінәлімін. Менің кесірімнен мүлдем жазықсыз үш адамның қаза тапқанын мойындаймын. Олардың отбасына үлкен қайғы әкелгенім үшін, сондай-ақ өз өмірім мен отбасымның тағдырын бүлдіргенім үшін өкінемін", - деді сотталушы.
Сондай-ақ ол жазаны жеңілдетуді көздемейтінін айтып, БАҚ өкілдеріне үндеу жасады.
"Көлік маған бағынбады, тежегіш істемей қалды""БАҚ өкілдеріне айтарым, мен ешқандай жағдайда жазадан қашу жолдарын іздеп жатқан жоқпын. Мен үшін шартты жазаның болуы мүмкін емес. Жасаған ісім үшін жауапкершілік арқалауға дайынмын және соны қалаймын. Бұл үлкен қайғы, мен заңға сәйкес жазамды өтеуге толықтай әзірмін. Осы күнге дейін сол жол апатын еске аламын, жалғыз қалайтыным зардап шеккендердің отбасын баспасөздегі үздіксіз қысымнан қорғау", – деді ол.
Бұдан әрі ол жол апатына дейінгі оқиғалар туралы айтып, қозғалыс кезінде көлікте техникалық ақау туындағанын мәлімдеді. Оның айтуынша, алдымен бақылау панелінде ескерту сигналдары пайда болып, кейін өшіп қалған.
"Мейрамханадан шыққаннан кейін Достық даңғылымен төмен қарай әл-Фараби даңғылына бет алдым. Әл-Фараби даңғылына жақындағанда үш-төрт шам жанып кетті. Әл-Фарабиде бұрылған соң олар сөнді. Даңғылға шыққаннан кейін жеңіл гүріл пайда болды. Шынымды айтсам, оның неден болғанын түсінбедім. Бұған дейін басқа көлікте мұндай жағдайда көмектескендіктен, айналымды арттыруды ұйғардым", – деді ол.
Сотталушының айтуынша, кейін көлік жолақ ауыстыру кезінде тұрақсыз бола бастаған. Оның сөзінше, көлік кенеттен таййып, содан кейін ол басқаруды жоғалтқан.
"Сол жақ жолақтан оң жаққа ауыса бастадым. Осы сәтте, бәлкім, жолаққа қайтару жүйесі кенет іске қосылып, соның салдарынан көлік тайып кеткен болуы мүмкін. Қарсы беттегі жолаққа шығып кеткен соң көлік басқаруға көнбеді.
Оңға немесе солға бұруға тырыстым, бірақ көлік маған бағынбады, тежегіш жұмыс істемеді. Осыдан кейін жол апаты болды. Көзімді орталық қалалық ауруханада аштым. Маған наркозсыз бір ота жасап жатты. Ол жағы есімде жақсы қалмапты. Есімді тек жансақтау бөлімінде жидым. Сол кезде ғана маған үш адам қаза тапқанын хабарлады", – деді сотталушы көзіне жас алып.
Жауап алу жалғасып жатыр.
Бұған дейін сотта судья сотталушы қайғылы оқиғаға дейін жол жүру ережелерін бірнеше рет бұзғаны туралы мәліметтерді жариялаған болатын.
Zeekr жүргізушісіне қандай айып тағылып отыр және оған қандай жаза тағайындалуы мүмкін?Үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты атышулы істі Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр.
Күдікті А. П. Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігі "Алкогольдік масаң күйде жол жүрісі қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" бойынша айыпталып отыр.
Анықтама. Бап санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады.
Айыптау актісіАлдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін оқыды. Тергеу нұсқасы бойынша, сотталушы А. П. – Zeekr 001 автокөлігінің иесі әрі жүргізушісі – рөлге мас күйінде отырған.
Сондай-ақ айыптау мәліметтеріне сәйкес, көлікте тіркеу құжаттарына сәйкес келмейтін 100 QR 02 нөмірі болған.
"Меңдіқұлов көшесімен қиылыста сотталушы қарсы бетке шығып кетіп, әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Mercedes-Benz автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан", – деді прокурор.
Соқтығысу салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты: 1996 жылы туған Mercedes жүргізушісі, сондай-ақ оның 2003 және 2005 жылы туған екі жолаушысы.
Айыптау актісін оқу кезінде қаза тапқандардың туыстары көз жасына ерік берді.
Сотталушы қандай жылдамдықпен жүрген?Ресми сараптама қорытындысы бойынша, соқтығысу алдында оның көлігінің жылдамдығы сағатына 219 шақырым болған.
ҚР ІІМ видеосынан кадр "Өз іс-әрекетімді ақтамаймын" – Zeekr жүргізушісі28 мамырда сотта сотталушы А. П. қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, кешірім сұрады.
Қаза болғандардың отбасы Zeekr жүргізушісіне шартты жаза сұрап отыр"Ешқандай сөз де, ешқандай іс-әрекет те жақындарыңызды қайтара алмайтынын түсінемін. Әр отбасына қаншалықты қайғы әкелгенімді білемін. Өз іс-әрекетімді ақтамаймын. Ештеңеге үміт артпаймын, ештеңеден дәметпеймін. Заңға сәйкес жазамды толық өтеуге дайынмын. Тек бостандыққа шығып, қолдан келгенше отбасыларыңызға көмектескім келеді. Өзімді кешірмеймін және сіздерді ұмытып кетпеймін. Кешіріңіздер", – деді ол.
1 маусымда Алматыда негізгі сот талқылауы басталды. Онда қаза тапқан екі адамның – 1996 жылы туған Mercedes жүргізушісі мен 2003 жылы туған жолаушы қыздың туыстары сотталушымен татуласқандарын айтып, оған шартты жаза тағайындауды сұрады.
8 маусымда үшінші марқұмның анасы да осындай ұстанымда болды.
Қаза тапқан 22 жастағы К.-ның анасы 100 миллион теңгеге талап арыз түсірмек болған өкілдерінің қызметінен де бас тартты. 11 маусымда 29 жастағы Е.-нің отбасы да өкілдер қызметінен бас тартқаны белгілі болды.
Айыпталушының өзі сотта болған оқиға бойынша кінәсін мойындайтынын мәлімдеді.
3 маусымда Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Санжар Әділов Мәжілісте өткен брифингте тараптардың татуласуы адам өліміне әкеп соққан жол апаты ісінің нәтижесіне қалай әсер етуі мүмкін екендігіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жәбірленушілердің ұстанымы айыпталушының қылмыстық жауапкершіліктен босатылуына жол бермейді.
Марқұмдардың жақындарының мәлімдемесі қоғамда қызу пікірталас тудырды. Осыдан кейін Tengrinews.kz тілшісімен байланысқа шыққан 20 жастағы марқұм Т.К.-ның әкесі сотталушыны кешірмейтінін айтып, оның ең қатаң жазаға тартылуын талап ететінін жеткізді.
Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында әкесі тоғыз жыл бұрын ажырасқанын, бірақ қызын өзі тәрбиелегенін айтты.
Жол апатына қатысты екі қылмыстық іс тоқтатылды"Бұл әйел менімен ажырасқанына тоғыз жыл болды. Қызымды туғаннан өзім бағып-қағып, киіндіріп, тәрбиелеп, оқыттым. Ол менің тұңғышым. Мен жерлеу рәсімі мен асын өткізумен айналысып жатқанда, ол полицияға барып, өзін жәбірленуші ретінде танытып, сотқа дейін жетіп үлгеріпті", – деді ол.
Бұған дейін әл-Фарабидегі жол апаты фактісі бойынша тағы 3 қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда кейін оның екеуі тоқтатылды.
Билікті асыра пайдалану және "ерекше" мемлекеттік нөмірлер беру. 26 наурыздан бастап ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік департаменті тыйым салынған мемлекеттік нөмірлердің заңсыз берілу мүмкіндігін тергеді. Іс 362-баптың 1-бөлігі – "Билікті асыра пайдалану" бойынша тергелген. Бұл жерде мәселе Zeekr жүргізушісінің 100 QR 02 нөміріне қатысты болуы мүмкін.
Кейін 3 маусымда "қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты" іс тоқтатылғаны белгілі болды.
Жалған айғақ беруге қатысты іс. Бұған дейін тергеу сотталушы қайғылы оқиға алдында бірге болған компанияға қатысты материалдарды жеке іске шығарғаны хабарланған болатын. Олар жалған айғақ берді деп күдіктелген еді. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, бірақ тергеуден кейін полиция қылмыс құрамы жоқ деген қорытындыға келіп, 2026 жылдың 28 мамырында істі тоқтатты.
ІІМ бұл шешімнің заңдылығына түпкілікті бағаны прокуратура беретінін нақтылады.
Полицейге қатысты ісАдам өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты негізгі істен бөлек, тағы бір қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.
Қызметтегі әрекетсіздік. Күдікке Алматы Полиция департаменті басшылары бірінің жүргізушісі – полиция қызметкері ілінді. Тергеу мәліметінше, оның әрекетсіздігі адам өліміне әкеп соққан жол апатына себеп болуы мүмкін (370-баптың 4-бөлігі, 1-тармағы "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік"). Бұл іс бойынша тергеу аяқталды.
Әл-Фарабидегі қайғылы оқиғаның хронологиясыЕске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыда ірі жол апаты болды: әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты.
Mercedes маркалы көліктің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жол апаты кезінде ол мас болған.
Оған қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.
Сонымен қатар мемлекеттік нөмір белгілері заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаментімен қылмыстық іс қозғады, бірнеше лауазымды адам қызметінен босатылды.
12 мамырда істі тергеу аяқталды. 28 мамырда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өтті.
Әлеуметтік желілерде жол апатына полиция қызметкері қатысқан көше жарысы себеп болуы мүмкін деген нұсқалар пайда болды, содан кейін тексерулер мен қызметтік тергеулер басталды. ІІМ Алматы ПД-ның бірқатар басшысын қызметінен шеттетті, олардың бірінің жүргізушісі ұсталды.
Дау салдарыОсыдан кейін 26 наурызда ІІМ мәлімдеме жасады. Сондай-ақ министрдің бұйрығымен Алматы Полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды.
Қазір Алматы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаев пен Әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы басшысы Серік Шұмаев әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы видео жариялаған блогер Әділетхан Молдаханмен соттасып жатыр.
Олардың адвокаттарының айтуынша, видеода блогер полицияны жалған нөмір тағып, көліктерінің әйнектерін заңсыз қараңғылатқан жастарды қорғаштайды деп мәлімдеген. Оның пайымдауынша, мұндай әрекеттер жол апатына себеп болуы мүмкін.
Анықтама: Молдаханға Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы "Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалжал ақпарат тарату" бойынша айып тағылып отыр.
Тағы оқыңыз: Алматыда Әділетхан Молдаханға қатысты сот басталды: зардап шеккендердің арасында ПД бастығының бұрынғы орынбасары бар
Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз
Жазылу