Azh.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Грузияда халықаралық іздеуде жүрген 39 жастағы Қазақстан азаматы ұсталды.
Полицияның мәліметінше, оны 5 мамырда Тбилисиде Қазақстан ІІМ сұрауы бойынша қолға түсірген. Қазір ол қамауда отыр, ал экстрадиция мәселесі заң тәртібімен қарастырылмақ.
Тергеу нұсқасына сәйкес, ер адам бұған дейін Атыраудағы автосалондардың бірінде сату жөніндегі менеджер болып жұмыс істеген. Ол көлік сатып алғысы келген азаматтардан ақшаны тікелей алып, уәде еткен машиналарды жеткізбеген.
2022 жылдың тамызында ол бір сатып алушыны алдап, екі көлікке арналған 37 млн теңгені иемденгені айтылған. Ал 2023 жылдың ақпанында дәл осындай тәсілмен тағы екі азаматты 81 млн теңгеге алдаған.
Екі эпизод бойынша келтірілген жалпы залал 118 млн теңгені құрады. Қазір күдікті Грузияда қамауда отыр, оны Қазақстанға қайтару мәселесі қаралуда.
Бүгін, 14:56