Көлік жүргізушілері үшін маңызды келісім күшіне енді

25.07.2026

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

АСТАНА, 25 шілде – Sputnik. Бүгіннен бастап Қазақстан мен Біріккен Араб Әмірліктері арасында жүргізуші куәліктерін өзара тану және айырбастау туралы келісім күшіне енеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Келісімге сәкес, Біріккен Араб Әмірліктеріне уақытша барған Қазақстан азаматтары өз елінің жүргізуші куәлігін пайдалана алады.

"Ал тұрақты тұруға көшкен жағдайда "B" санаты (жеңіл автомобильдер) және "B1" кіші санаты (үш дөңгелекті көлік құралдары мен квадроциклдер) бойынша теориялық және практикалық емтихандарды тапсырмай-ақ жүргізуші куәлігін айырбастай алады", - дейді министрлік мамандары.

Қазақстанға тұрақты тұруға көшкен Біріккен Араб Әмірліктері азаматтары да дәл сондай тәртіппен көлік жүргізуге құқылы.

Жүргізуші куәлігін айырбастауға қажетті құжаттар:

жарамды ұлттық жүргізуші куәлігі;

қолданыстағы тұруға ықтиярхат;

ықтиярхаттың ресми аудармасы (БАӘ-де – араб тіліне, Қазақстанда – қазақ немесе орыс тіліне);

медициналық тексеруден өткені туралы құжат.

Ұлттық жүргізуші куәлігі тәркіленбейді. Айырбастау рәсімі аяқталғаннан кейін екі мемлекеттің құзыретті органдары бір-бірін жүргізілген рәсім туралы ғана хабардар етеді.

Жеңілдетілген тәртіп тек “B” санаты мен “B1” кіші санатына ғана қолданылады. Өзге санаттар бойынша жүргізуші куәліктерін айырбастау қабылдаушы мемлекеттің заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью