Көліктегі полицейлер 101 шетелдіктің көші қон заңнамасын бұзғанын анықтады

22.03.2026

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Іс-шараның негізгі мақсаты — Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасын бұзу деректерін анықтау, олардың алдын алу, сондай-ақ әуе және теміржол көлігі нысандарында шетел азаматтарының болу қағидаларының сақтауын бақылау.

Өткізілген жедел-профилактикалық іс-шара аясында көліктегі полиция қызметкерлері елде болу тәртібін бұзудың 101 дерегін анықтады. Оның ішінде 88-і — ТМД елдерінің азаматтары, 13-і — алыс шетел азаматтары.

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін ӘҚБтК-нің 518-бабы бойынша шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаған кезде заң бұзушылықтарға жол берген 31 Қазақстан Республикасының азаматы жауапкершілікке тартылды.

КПД Көші-қон қызметі басқармасының бастығы Болат Шәріпбаевтың айтуынша, жедел-профилактикалық іс-шараларды өткізу көші-қон саласындағы құқық бұзушылықтарды тиімді анықтауға және олардың жолын кесуге, сондай-ақ халықтың құқықтық тәртібін арттыруға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, Түркістанда екі күн ішінде көші-қон заңын бұзған 118 шетелдік елден шығарылды. Ал Алматыда көші-қон заңнамасын бұзған 76 шетелдік депортацияланды.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
Читать полностью