Көліктер жазғы дөңгелекпен жүр: екі облыста жол жабылды

20.10.2026

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты екі облыста көлік қозғалысына шектеу қойылғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жетісу облысы

2026 жылғы 20 қазан сағат 20:00-де ауа райының нашарлауына байланысты жазғы дөңгелектермен жабдықталған көліктің барлық түрі үшін келесі республикалық маңызы бар автожолдардың учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізіледі:

- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолы 1013 — 1062 шақырым арасы (Абай облысының шекарасы — «Рубеж» бекеті); 

1089 — 1191 шақырым арасы (Өскемен қаласы — Шемонаиха қаласы); 

1194 — 1212 шақырым арасы (Шемонаиха қаласы — РФ шекарасы);

- «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолы 7 — 166 шақырым арасы (Ушановское ауылы — Алтай қаласы);

- «Өскемен — Риддер — РФ шекарасы» автожолы 15 — 105 шақырым арасы (Белоусовка кенті — Риддер қаласы);

- «Өскемен — Семей» автожолы км 12 — 45 (ШҚО-дағы Қазақ ауылының бұрылысынан Таврия ауылына дейін); 48 — 103 шақырым арасы (Таврия ауылы — Абай облысының шекарасы).

Сонымен қатар бүгін,  20 қазан сағат 21:00-де ауа райының нашарлауына байланысты тіркемесі және жартылай тіркемесі бар жүк автокөліктерінің қозғалысына келесі республикалық маңызы бар автожол учаскесінде шектеу енгізіледі:

- «Өскемен — Алтай — Үлкен Нарын — Катонқарағай — Рахман қайнары» автожолы KZ16-01, 7 — 166 шақырым арасы (Ушановское ауылы — Алтай қаласы).

Жолдарды 2026 жылғы 21 қазан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Абай облысы

Бүгін, 20 қазан сағат 20:00-де Шығыс Қазақстан облысындағы ауа райының нашарлауына байланысты жазғы шиналармен жабдықталған көліктің барлық түрі үшін келесі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде қозғалысқа шектеу енгізіледі:

- «Өскемен — Семей» автожолы 103 — 198 шақырым арасы (ШҚО шекарасы — Семей қаласы);

- «Алматы — Талдықорған — Өскемен — Шемонаиха — РФ шекарасы» автожолы 971 — 1013 шақырым арасы (Қалбатау ауылы — ШҚО шекарасы).

Жолдарды 2026 жылғы 21 қазан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью