Көліктің ойранын шығарған: науқас жедел жәрдем бригадасына пышақпен тап берді

11.06.2026

Sputnik.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

АЛМАТЫ, 11 маусым – Sputnik. Павлоларда шақыртуға барған жедел жәрдем қызметкерлеріне шабуыл жасалды, деп хабарлайды облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Оқиға 10 маусымда Назарбаев көшесіндегі №89 үйдің ауласында болды.

Сағат 14:57-де көшеден өтіп бара жатқан адам белгісіз ер адамның құлап жатқанын айтып, жедел жәрдем пультіне хабарласқан. Бригада оқиға орнына 9 минутта жеткен.

"Медицина қызметкерлері ер адамға көмек көрсетпек болған кезде, ол агрессия танытып, бригадаға пышақпен қоқан-лоқы көрсеткен және оларға тап берген. Ол жүргізушіге жұдырық жұмсап, кейін реанимобиль салонына кіріп алған. Медициналық препараттар салынған ампулаларды сындырып, көліктен медициналық қобдишаны лақтырып, ойран салған", - дейді басқарма.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері шақырылды. Зардап шеккен медицина қызметкерлері құқық қорғау органдарына арыз жазды.

"Полиция жедел жәрдем қызметкерлеріне жасалған шабуыл бойынша қылмыстық іс қозғады. Ер адам ұсталып, медициналық мамандандырылған мекемеге орналастырылды", - дейді Павлодар облысының полиция департаменті.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью