Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Фото: Видеодан алынған кадр
TikTok әлеуметтік желісінде видео оқырмандар арасында тез тарап, қоғамда резонанс тудырды. Полиция тексеру барысында бейнежазбада диплом орнына соған ұқсас көшірменің пайдаланылғанын, құжат тұпнұсқасы бүлінбегенін анықтаған.
Тергеу басталды: Қарағандыда дипломды енді қорғаған студенттерді әскери комиссариатқа алып кеткен
Соған қарамастан, видео авторы әкімшілік жауапкершілікке тартылып, бес тәулікке қамалды.
«Тексеру қорытындысы бойынша бейнежазба авторы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 456-2-бабының 3-1-бөлігіне сәйкес әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сонымен қатар сот оны ұсақ бұзақылық бабы бойынша кінәлі деп танып, 5 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алу жазасын тағайындады» делінген Алматы қаласы Полиция департаментінің хабарламасында.
Финляндияда университет түлектеріне дипломмен бірге қалпақ пен қылыш беріледі
Еске сала кетейік, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысында бойы 2 метр 5 сантиметр болатын еліміздегі ең ұзын түлек Аяжан Амангелдиеваға диплом табысталды.