Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
Фото. Ұлттық ұлан
Осыдан аз ғана уақыт бұрын бұл жастарды Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық-экономикалық колледжінің дәрісханалары, «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алу, бірлескен жаттығулар мен емтиханға дайындық біріктірген еді. Енді олардың күнделікті тыныс-тіршілігі саптық алаңда, жас жауынгер курсындағы оқу сыныптарында өтіп жүр. Ұлттық ұлан қатарында Отан алдындағы борышын өтеу туралы шешімді де олар бірге қабылдаған.
Бүгінде әскер өмірі олардың достығын жаңа белеске көтерді. Олар әскери істің қыр-сырын бірге меңгеріп, бір-біріне қолдау көрсетіп, қызмет талаптарына тез бейімделуге көмектесіп келеді.
Ұлттық ұланның әскери қызметшісі Азия кубогінде топ жарды
«Бір-бірімізге үнемі түсіндіріп, демеп, қолдау білдіреміз. Егер арамызда ине-жіп ұстап көрмегендер болса, әскери киімді қалай тігу керектігін үйретеміз. Әрдайым ақылымызды айтып, көмектесеміз. Біздің достығымыз студенттік жылдары сыннан өтсе, енді оны әскер өмірі шыңдап жатыр», дейді қатардағы жауынгер Дидарбек Үсенов.
Мерзімді әскери қызметін абыроймен аяқтағаннан кейін ұландықтар жоғары оқу орындарына түсуге арналған білім беру грантын жеңіп алуға мүмкіндік алады.
Ұлттық ұлан офицері көлге батып кеткен баланы құтқарып қалды
Бұған дейін Тараз қаласындағы Ұлттық ұланның «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты 5513 әскери бөлімінің сарбазы қатардағы Бахтиярхан Тұрсынходжаев 7 тілді жетік меңгергені туралы жазған едік.