Sputnik.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..
АСТАНА, 11 желтоқсан – Sputnik. Олигарх Игорь Коломойский Украина басшысы Владимир Зеленскийдің "әмияны" аталып кеткен бизнесмен Тимур Миндичке Израильде қастандық жасалғанын сотта мәлімдеді, деп жазды орыс тіліндегі RT.
Оның айтуынша, оқиға 28 қарашада болған: үй қызметшісі жараланған, қылмыскерлер ұсталған. Қастандық жасаған адам қаруды Украина елшілігінен алған көрінеді.
Коломойскийдің сөзінше, қылмыскер құжат мәселесімен дипломатиялық өкілдікке жүгінген кезде оны сол жерде қылмысқа тартқан. Оған дыбыс өшіргіш орнатылған Макаров тапаншасы берілген.
Коломойский тергеумен ішкі қауіпсіздік қызметі айналысып жатқандықтан жергілікті полицияда ақпарат жоқ екенін айтты.
Миндичтің жағдайы туралы ешқандай мәлімет жоқ. Украиналық БАҚ Коломойский "ертең және арғы күні өтетін сот отырыстарында толығырақ айтамын" деп уәде бергенін жазды.