Azh.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..
Шымкентте жеке оқу орындарының құрылтайшысы Эльмира Дүйсенқызына сот үкімі шықты. Ол бюджеттен рекордтық 1,3 млрд теңгені жымқырғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл оның үшінші сотталуы, ал миллиардтық схеманы ол түрмеде отырып та үйлестіргені анықталды, деп хабарлайды Halyqstan.
«Елес-студенттер» және жоқ колледжТергеу деректеріне сәйкес, 2018–2023 жылдары Дүйсенқызы Оңтүстік Қазақстан жоғары медициналық колледжі мен Оңтүстік Қазақстан гуманитарлық‑қаржылық колледжінің иесі ретінде жалған оқыту жүйесін құрған.
Схемаға директорлар, есепшілер және сенімді адамдар қатысқан.
Колледждерге іс жүзінде оқымаған студенттер жаппай қабылданған.
«Өлі жандарға» мемлекеттен қомақты қаржы бөлінген.
Жалған бұйрықтар мен актілер жасалып, өзгенің ЭЦҚ‑сы заңсыз пайдаланылған.
Ақылы бөлімде оқыған студенттер құжат жүзінде «бюджеттік» ретінде көрсетіліп, қаржы иемденілген.
Ал гуманитарлық‑қаржылық колледж мүлде жұмыс істемеген, тек қағаз жүзінде болған.
Түрмеден басқарылған қылмысЕң таңқаларлық жайт — Дүйсенқызы бұрынғы жазасын өтеп жатқанда да колледждердегі заңсыз әрекеттерді басқарып отырған. Оның алдыңғы сотталуы да мемлекеттік қаржыны жеке мектебі арқылы жымқыруға байланысты болған.
Дубайдағы жылжымайтын мүлік пен элиталық көліктерТергеу барысында мемлекетке тек 65 млн теңге қайтарылды. Қалған шығынды жабу үшін қаржылық мониторинг үш элиталық үйге, үш пәтерге (оның ішінде Дубайдағы жылжымайтын мүлікке) және үш қымбат көлікке арест қойды.
Сот Эльмира Дүйсенқызын 10 жылға бас бостандығынан айырды.
Куәгерлік пен парақорлық істеріЭльмира Дүйсенқызы бұған дейін де атышулы істерде басты куәгер болған. Оның көрсетулері негізінде Шымкенттегі ҰҚК департаментінің бұрынғы бірінші орынбасары Манат Сарбасов пен Түркістан облысы білім басқармасының экс‑жетекшісі Ғалымжан Жұмашев пара алғаны үшін сотталған. Енді белгілі болғандай, ол шенеуніктерге пара беріп, өз «елес-колледждерін» қорғауға тырысқан.
Бүгін, 13:09