Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Бағдарлама аясында жануарлардың бір бөлігін ұйықтату (эвтаназия) қарастырылғанын қоршаған орта министрі Ирена Велес мәлімдеді.
Үкімет деректеріне сәйкес, елдің орталық бөлігінде Магдалена өзені маңында шамамен 200 сусиыр тіршілік етеді. Егер бақылау шаралары қабылданбаса, олардың саны 2035 жылға қарай 1000-ға жетуі мүмкін. Осыған байланысты билік экожүйелер мен жергілікті жануарлар түрлерін қорғау үшін нақты шаралар қажет екенін атап өтті.
Министрдің айтуынша, популяцияны қысқарту үшін шамамен 80 сусиырды ұйықтату жоспарланып отыр.
Алғашқы төрт сусиырды Пабло Эскобар 1980-жылдары өзінің жеке хайуанаттар бағы үшін Колумбияға әкелген. Содан бері олардың саны бақылаусыз көбейіп кеткен, аймақтық экологиялық қызметтердің шектеу әрекеттеріне қарамастан өсім тоқтамаған.
Құны 7,2 млрд песо (шамамен 1,98 млн доллар) болатын бағдарламаға жануарларды аулау және басқа жерге көшіру де кіреді. Сонымен қатар, Колумбия билігі сусиырлардың бір бөлігін шетелдегі хайуанаттар бақтары мен қорықтарға беру мәселесі бойынша бірнеше елмен келіссөздер жүргізіп жатыр, алайда қажетті рұқсаттар әзірге алынбаған.
Айта кетелік елде жануарларды өлтіргендер бес жылға сотталуы мүмкін.