Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..
АСТАНА, 20 қазан – Sputnik. Колумбияда заңсыз алтын өндірілетін шахта опырылып, 14 адам көз жұмды. Бұл туралы Associated Press агенттігі хабарлады.
Трагедия елдің оңтүстік-батысындағы Санта-Барбара-де-Искуанде муниципалитетінде болды.
Апат кезінде шахтада 30-ға жуық кенші болған. Құтқарушылар мен жергілікті тұрғындар үйінді астында қалған адамдарды шығарып алған. Тағы жеті адам жарақат алған.