Колумбиядағы ауыр атлеттер додасы: Нұржан Жұмабай жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

11.07.2026

Qazaq24.com, Zakon.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті баспасөз қызметінің хабарлауынша, отандасымыз 88 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Нұржан Жұмабай қоссайыс қорытындысы бойынша 348 (155+193) келіні еңсерді. Сондай-ақ серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты.

Күміс медальді Эрик Гуадамуд (Испания) жеңіп алды - 344 (156+188) келі. Ал Хосе Мантилья (Мексика) үздік үштікті түйіндеді - 335 (151+184) келі.

Бұған дейін Аяна Болатбекқызы жеңіл атлетикадан жастар арасындағы Азия чемпионатында 6-орын алғаны хабарланған.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
Читать полностью