Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..
Путумайо департаментінде болған апаттан 66 адам қаза тапқаны туралы деректі ТАСС әскери дереккөздерге сүйене отырып келтіреді.
Бұған дейін 34 адамның қаза тапқаны хабарланған еді. Құтқарушылардың мәліметінше, ұшақ бортында барлығы 128 адам болған. Олардың 57-сі ауруханаға жеткізілген, бір жолаушы зардап шекпеген. Тағы төрт адамның мәйіті әзірге табылған жоқ.
Колумбия әскери-әуе күштерінің қолбасшысы, генерал Карлос Сильва Руэда телеарнаға берген сұхбатында апат орнына қосымша медициналық тікұшақ пен құтқарушылар тобы жіберілгенін мәлімдеді. Сондай-ақ оқиға орнына ұшақтың құлау себептерін анықтайтын тергеу тобы аттанған.
Hercules C-130 ұшағы Колумбияның оңтүстігіндегі Пуэрто-Легисамо муниципалитетінде ұшып шыққаннан кейін көп ұзамай апатқа ұшыраған. Caracol телеарнасы көрсеткен бейнежазбаларда ұшақтың биіктікке толық көтерілмей жатып құлай бастағаны байқалады.
Осыған дейін Колумбияда 100-ден астам әскери қызметші мінген ұшақ апатқа ұшырағаны туралы жаздық.