Комадағы азаматтың мүгедектігін рәсімдеуі үшін туысы өтініш береді заң жобасы

25.02.2026

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

— Ел ішінде өндірілетін дәрі-дәрмектерге арналған субстанциялардың сапасына бақылауды күшейтуді ұсынып отырмыз. Енді елге кіргізілетін субстаниялар тексерістен өтіп, арнайы рұқсат алуы тиіс. Дәрілердің сапасы қауіпсіздік кепілі, — деді ол.

Сонымен қатар Мәжіліс депутаты кенеттен ауыр жағдайға түсіп, ұзақ уақыт комада жатқан азаматтар мүгедектікті рәсімдеу үшін жеке өтініш бере алмайтындығына назар аудартты.

— Ал өтінішсіз процесс басталмайды. Сот арқылы қамқоршы тағайындау өте ұзақ рәсім. Осы уақыт ішінде отбасы әлеуметтік қолдаусыз қалады. Заң жобасында мұндай жағдайда жақын туыстарына немесе жұбайына мүгедектік белгілеу үшін куәландырудан өтуге өтініш беру құқығы беріледі, яғни енді өтінішті туысы бере алады. Бірақ, ол ары қарай тиісті рәсімнен өтеді, комиссия болады. Олар науқасты қарап, тиісті шешім қабылдайды. Егер шешім қабылданып, мүгедектік берілетін болса, онда ол мемлекет тағайындаған жәрдемақысын, тиісті техникалық көмегіне алады, — деді Асхат Аймағамбетов.

Айта кетейік, осы заң жобасы аясында дәрілік заттарды тіркеу мерзімі 2 есе қысқарады.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
Читать полностью