Көмек сұрап жалбарынып, қорқыныштан айғайлады Иранда жолаушылардың үстіне ұшақ бөлшектері құлады

16.09.2026

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Ирандық Sepehran Airlines әуе компаниясына тиесілі Boeing 737 ұшағының жолаушылары шұғыл қону кезінде бірнеше минут бойы үрей құшағында болған. Мешхедтен Керманшахқа бағыт алған ұшақ әуеге көтерілгеннен кейін көп ұзамай техникалық ақауға тап болып, әуежайға қайта оралуға мәжбүр болды. Қатты сілкініс кезінде салонның төбе жабындылары опырылып түсе бастаған, ал жолаушылар жан дауысы шыға айқайлаған, деп хабарлайды Tengri Travel.

Не болды?

Оқиға 15 қыркүйекте жергілікті уақытпен сағат 17:39 шамасында болған. The Sun мәліметтері бойынша, Boeing 737 Мешхедтен Керманшахқа ішкі рейсті орындап жатқанда, ұшудан кейін көп ұзамай шассиінде ақау шыққан. Алғашқы мәліметтер бойынша, бұл дөңгелектердің бірінің шинасы зақымдануымен немесе бөлініп кетуімен байланысты болған. Сондай-ақ қозғалтқыштың істен шығуы мүмкін екендігі туралы ақпарат тарады. Оқиғаның нақты себебі анықталып жатыр.

Экипаж апатты жағдай туралы хабарлап, Мешхед әуежайына қайта оралуға шешім қабылдаған.

Төмендеу кезінде ұшақ қатты теңселе бастаған. Жолаушылар түсірген видеодан төбедегі ішкі қаптама панельдерінің қалай жұлынып, салонға құлап жатқанын көруге болады. Кейбір жерлерде ұшақ конструкциясының элементтері көрініп қалған. Бейнежазбадан зәре-құты қалмаған жолаушылардың айқайы естіледі.

Салондағы жағдайға қарамастан, ұшақ аман-есен қонған. Жолаушылар мен экипаж мүшелері борттан қауіпсіз шығарылды, зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Кейінірек жолаушылар Керманшахқа баратын басқа рейске отырғызылған.

Оқиғаның себебі және тергеу жұмыстары

Оқиғаның түпкілікті себебі әлі жарияланған жоқ. Алғашқы мәліметтерде шасси шинасында ақау шығып, соның салдарынан қатты діріл пайда болып, қозғалтқыш зақымдануы мүмкін екені айтылған. Сонымен қатар әуежай өкілдері мәселе шинаның жарылуында емес, оның қаптамасының бір бөлігі ажырап кетуінде болуы мүмкін екенін нақтылады.

Оқиғаға байланысты Мешхед әуежайының ұшу-қону жолақтарының бірі тексеру үшін уақытша жабылды. Кейінірек ол қайта ашылды.

Тергеу жұмыстарын Иранның азаматтық авиация ұйымы қолға алды.

Лос-Анджелесте жол апатын түсіру кезінде тікұшақ құлады: оқиға видеоға түсіп қалған

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
Читать полностью