Комикс суреттер сұранысқа ие

08.04.2026

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

Күнұзақ шағын шеберханасында уақыт өткізетін суретші қыздың шығармашылық бағы­ты өзгеше. Майлы бояуды кенеп бетінде ойнатып, картина жазуды емес, ертегі желісі бойынша иллюстрация салғанды ұнатады. Кішкентай балаларға арналған кейіпкерлердің кескін-келбетін келістіре жазады. Кей­де өзі де ертегі құрастырып, оны түрлі-түсті суретпен әрлейді.

Күршім ауданының тумасы Гүлсім Еркінқызы Өскемендегі Қ.Нұрғалиев атындағы колледждің суретші-дизай­нер факультетінде білім алып, кәсіби суретші болып шыққан. Колледж бағдар­ла­масымен ғана емес, өзі қосым­ша ізденіп, білімін ұштай түскен. Қазір жеке шығармашылығымен қатар, сурет студиясында шәкірт тәрбиелейді. Айтуынша, цифрлы дәуірдің балалары ойларын еркін жеткізеді, өзгеше ойлайды. Солардың ішінен заманның сұранысына қарай суретшілер шықса екен дейді. Талантты суретшінің ойлауы да, алысты болжауы да өзгеше екен. Аппақ қағазды шимайлай отырып, әңгімесін өрбіткен.

«Суретшілікті жан-жақты мең­гердім. Майлы бояумен картина да жаза аламын. Бірақ бүгінгі жастарға, балаларға керек дүниемен шұғыл­данғым келеді. Кейінгі жылдары жас­тар арасында комикс оқу сәнге айналды. Айтпағым, жастарға руханиятымызды комикс стилінде насихаттасақ деймін. Мойындау керек, тіпті қазақ мектептеріндегі оқушылар орысша сөйлейді. Себебі кішкентайынан ақпаратты орыс тілінде сіңірген», дейді жас суретші.

Айтып отырған идеясы орынды болғанымен, бір адамның қолынан келмейді. Ол үшін команда болып жұмыс істелуі керек. Қазақтілді мульт­фильм, қазақтілді бейнероликтер да­йындау қыруар күшті қажет етеді. Десе де, суретші Гүлсім шама-шарқынша ертегі кейіпкерлерін бейнелеп, балдырғандарға ұсынып жүр. Шағын ертегілер жазып, суретпен көмкереді. Алғашында әкесіне деген сағыныштан қолына қалам алып, «Кішкентай періште» атты ертегі жазған. Оқиға желісі бойынша сериялық суреттер салып, кітапша етіп жинақтаған.

Суретшінің ойы – өсіп келе жатқан жастарға төл тілімізде өнім ұсыну. Оның өзінде қандай да бір есеп үшін емес, шынайы өнермен сұранысты ақтайтындай комикс кітаптар болса дейді.

ӨСКЕМЕН

Соңғы жаңалықтар

17%-ға жуық өсім: Қазынаға 6,4 триллион теңге түсті

Экономика • Бүгін, 09:54

Қазақстанда инфляция деңгейі алты ай қатарынан төмендеп келеді

Инфляция • Бүгін, 09:40

Жаңбыр, тұман, найзағай: Еліміздің басым бөлігінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:35

Бүгін 1 долларды қанша теңгеге сатып алуға болады?

Қаржы • Бүгін, 09:17

«Ғалия» кітапханасының мөрі

Жәдігер • Бүгін, 09:05

Қыруар қаражатқа алынған автобустар қаңтарылып тұр

Аймақтар • Бүгін, 09:00

Көкше көшетімен көрікті

Талбесік • Бүгін, 08:55

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:52

Әбіштің қолтаңбасы

Мирас • Бүгін, 08:50

Өмірзақтың өнегелі жолы

Руханият • Бүгін, 08:48

Су сүзгілері өндіріледі

Ғылым • Бүгін, 08:45

«Дәридайлап» жыр төккен

Руханият • Бүгін, 08:43

Ән-аманат

Тұлға • Бүгін, 08:40

Жоғалып табылған сурет

Жәдігер • Бүгін, 08:38

Академик, ұстаз тағылымы

Тағзым • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
Читать полностью